«НҰР ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ШТАТТЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУІ ТУРАЛЫ
29.09.2026 16:46:57 493
Құрметті жүргізушілер мен тасымалдаушылар!
Жетісу облысы бойынша МКД «Нұр Жолы» кеден бекетінде «Qoldau» ақпараттық платформасының техникалық ақауына байланысты рәсімдерден өту және көлік құралдарының қозғалысы кезінде уақытша қиындықтар туындаған болатын.
Жүргізушілер мен тасымалдаушыларға келтірілген қолайсыздықтар және мәжбүрлі түрде күту уақыты үшін шын жүректен кешірім сұраймыз.
2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 02:40-та «Qoldau» ақпараттық платформасының жұмысында техникалық ақау орын алды. Сол күні сағат 22:15-те платформаның жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта «Нұр Жолы» кеден бекеті штаттық режимде жұмыс істеуде, көлік құралдарын рәсімдеу және өткізу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуда.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жағымсыз салдардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 28, 29 және 30 қыркүйекке электрондық кезектің жүйесінде орындарды брондаған барлық көлік құралдарын кедергісіз рәсімдеуді және міндетті түрде өткізуді қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, аталған көлік құралдары үшін электрондық кезектің мерзімі бір күнге автоматты түрде ұзартылатын болады.
Осылайша, көрсетілген күндерге қолданыстағы броны бар жүргізушілер мен тасымалдаушыларға қосымша әрекеттер жасау немесе электрондық кезекте орнын қайта брондау қажет емес.
Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан кедендік рәсімдерден өтудің белгіленген тәртібін сақтауды және көлік құралдарын өткізудің қолданыстағы ережелерін ұстануды сұраймыз. Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпараттық ресурстар мен жауапты қызметтердің түсіндірмелерін қадағалауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1300541?lang=ru