Қазақстан СІМ-де ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен кездесу өтті
20.02.2026 17:21:27 181Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Қажеттіліктерді бағалау миссиясының басшысы Улви Ахундлумен кездесу өткізді.
Аталған миссия 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға дайындық және оны өткізу процесін бағалау мақсатында Қазақстанға сапарын жасауда.
Кездесу барысында әріптестер халықаралық байқаушыларды, оның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны референдумға шақыру мәселесін талқылады.
Қазақ тарапы халықаралық ұйымдарға ресми шақыру жолдау тәжірибесіне бейілділігін растап, бұл мемлекетіміздің демократиялық рәсімдерді қамтамасыз етудегі ашықтығын, айқындығын және жүйелілігін көрсететінін жеткізді.
Өз кезегінде, У.Ахундлу ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны байқаушы ретінде шақырғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық міндеттемелер мен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес электоралдық процестерді жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып, серіктестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1166367?lang=kk