Салықтық тіркеу талаптарының сақталуы туралы
20.02.2026 18:18:17 137
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес салықтық тіркеу бойынша міндеттемелер белгілен. Атап айтқанда, мыналар көзделген:
– жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу;
– жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар);
– ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою;
– қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырған кезде тіркелу.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аталған талаптардың сақталмау белгілері бар тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізілетінін хабарлайды.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеу есебіне қою қажеттілігі туралы хабарлама жолданады. Оны орындау мерзімі табысталған күннен бастап 30 жұмыс күні. Хабарлама орындалмаған жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.
Келіспеген жағдайда салық төлеуші растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша түсіндірме ұсынуға құқылы. Егер ұсынылған дәлелдер негізделмеген деп танылса, 20 жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп тану және тақырыптық салықтық тексеру тағайындау туралы шешім қабылданады.
Сонымен қатар, салық органдары тарапынан алдын алу шаралары да қолданылады. Атап айтқанда, «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегіне жақындау туралы хабарламалар жолданады. Қосымша хабарлаймыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген «таза парақтан» салықтық әкімшілендіру саясаты шеңберінде микро және шағын бизнес субъектілері көрсетілген күнге дейін ҚҚС бойынша тіркелмей жүзеге асырылған айналымдар үшін әкімшілік айыппұлдардан босатылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1166533?lang=kk