Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды жоғары бағалады

Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды жоғары бағалады

20.02.2026 19:01:06 195

Вена, 2026 жылғы 19 ақпан. Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) қысқы сессиясы аясында ТүркПА Бас хатшысы Рамиль Гасанмен кездесу өткізді. Тараптар ТүркПА аясында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Елші Тілеуберді сұхбаттасын ағымдағы жылы 15 наурызда жоспарланған Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша алдағы ұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстырды және ұсынылған конституциялық реформа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәйекті саяси өзгерістерінің логикалық жалғасы екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілген тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адами бағдарлануын арттыруға, Қазақстан халқының қазіргі құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге және республиканың саяси институттарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Бас хатшы Р.Гасан Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдайтынын білдіріп, ТүркПА-ның наурыз айында өтетін конституциялық референдумды байқауға қатысу жоспары туралы мәлімдеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1166580?lang=kk