Елші Өзбекстанның Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесті

Елші Өзбекстанның Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесті

20.02.2026 19:01:11 214

Ташкент, 2026 жылғы 20 ақпан – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Салалық ынтымақтастықтың дәйекті оң динамикасы және бейінді ведомстволар арасындағы практикалық кооперацияның кеңеюі атап өтілді.

2025 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сирекжер және критикалық материалдар бойынша бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Геологиялық саланы цифрлық трансформациялау бағытындағы ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде ұлттық цифрлық геологиялық ортаны қалыптастыруға және геологиялық деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи талдамалық құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды. Цифрлық шешімдерді қолдану геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және саладағы стратегиялық жоспарлау сапасын нығайтуға ықпал ететін болады.

Сараптамалық диалогты тереңдету мақсатында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық-өзбекстандық ғылыми өзара іс-қимылды жүйелі дамыту, оның ішінде бейінді ведомстволар, ғылыми-зерттеу институттары және салалық мамандар арасындағы кооперацияның маңыздылығы расталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігі расталып, барлық деңгейде белсенді жұмыс байланыстарын қолдауға дайындық білдірілді.

По итогам встречи подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и выражена готовность поддерживать активные рабочие контакты на всех уровнях.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1166566?lang=kk