Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы 2026» халықаралық жастар конференциясы өтілді
25.02.2026 08:18:15 96
2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары Рашид Еришев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы 2026» халықаралық жастар конференциясына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Р. Еришев ел басшысы жастарды жан-жақты дамыту және олардың әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Бұндай бастамалар, соның ішінде «БҰҰ моделі» форматы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге салмақты, жауапты және сындарлы түрде әрекет етуге қабілетті көшбасшылардың жаңа буынын даярлауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1167049?lang=kk