Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдік басшысымен кездесу

Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдік басшысымен кездесу

25.02.2026 11:56:12 160

2026 жылғы 24 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары Рашид Еришевтің Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Вусал Алиевпен кездесуі өтті.

Р. Еришев әзербайжандық дипломатты жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.

Тараптар алдағы іс-шаралар туралы ақпарат алмасып, өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестікті одан әрі нығайту мен кеңейтуге өзара мүдделілікті растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1168794?lang=kk