Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих

Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих

25.02.2026 15:56:54 131

25 ақпан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің залында ауданымыздың 90 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – 90 жылдық тарих» атты кездесу өтті.
Бұл күні ауылдық округтердің еңбек ардагерлері мен аудан орталығы мектептерінің оқушылары бас қосып, ашық диалог алаңында жүздесті. Оқушылар қонақтардың еңбек жолы, ауданның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, туған өлкенің дамуына үлес қосқан құндылықтар туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды.
Ардагерлер өз естеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен және жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Залда сыйластық пен ризашылыққа толы жылы атмосфера орнады.
Осындай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Ауданның 90 жылдық тарихы – бұл, ең алдымен, адамдардың тағдыры, еңбегі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1169020?lang=kk