2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларға салық салу туралы

2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғаларға салық салу туралы

25.02.2026 16:35:29 185

Салық заңнамасына  сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар санатына (бұдан әрі-ЖПАА) жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор жатады.

ЖПАА тіркеуесебінеқою,тіркеудеректерінөзгерту,сондай-ақ тіркеуесебінен алу Салықкодексінің 97-98-баптарыменреттеледі.

Салық салынатын табыс бойынша жеке практикамен айналысатындар адамдар Салық кодексінің 363-бабында белгіленген 9% мөлшерінде жеке табыс салығының  (бұдан әрі-ЖТС) төлеушілері болып табылады.

Жеке практикамен айналысатын адамдар жеке салықтық шегерімдердің мынадай түрлерін қолдануға құқығы бар:

- әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі;

- базалық салықтық шегерім;

- әлеуметтік салықтық шегерімдер.

ЕсептелгенЖТСсомасы ай сайын табысалынғанайданкейінгіайдың5-і күнінен кешіктірілмей төленеді.

Салық кодексімен белгіленген Жеке практикамен айналысатын адамға қатысты өтпелі ережелері бойынша ЖПАА қосылған құн салығын төлеуші ретінде  болып табылмайтыны және салық органдарымен тіркеу есебінен шығарулуына  тиісті. ЖПАА қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік Кодекс қолданысқа енгізілген күннен, яғни 01.01.2026 ж. бастап жарамсыз деп танылады.

Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 СЕН) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынылады. Ағымдағы жылы ЖПАА қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда ЖТС (240.00 СЕН) бойынша тапсырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1169209?lang=kk