Қазақстан мен Черногория туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Черногория туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады

25.02.2026 18:52:13 212

Подгорица, 2026 жылғы 25 ақпан. Қазақстан Республикасының Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногория Туристік ұйымының директоры Ана Трипкович-Марковичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Өзара туристік ағындарды ұлғайту, Қазақстан мен Черногория арасындағы тікелей әуе қатынасын дамыту, сондай-ақ туристік бағыттарды ілгерілету және туризмді тұрақты дамыту саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы практикалық өзара іс-қимылды жалғастыруға, оның ішінде екі елдің туристік ұйымдары арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесін пысықтауға, сондай-ақ туризмді дамыту бағытындағы үздік тәжірибелер мен ақпарат алмасуды жандандыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-podgorica/press/news/details/1169502?lang=kk