Қазақстан мен БҰҰ Туризм ынтымақтастықтың өршіл күн тәртібін айқындады
26.02.2026 08:17:53 231
Мадрид, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев БҰҰ Туризм Бас хатшысы Шейха Насер Әл Новаиспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар 2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін іске қосу мәселесін талқылады.
Келіссөздер сындарлы әрі серпінді жағдайда өтті. Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік хабтардың бірі және тұрақты әрі инновациялық туризмді ілгерілетудегі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайту ниетін растады.
Сондай-ақ елімізді туризм саласындағы диалог, инвестициялар мен инновациялар үшін өңірлік платформаға айналдыруға, соның ішінде «жасыл» стандарттар мен смарт-шешімдерді ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Тараптар өзара түсіністіктің жоғары деңгейін растады және бастамаларды нақты бірлескен жобаларға ұластыру мақсатында практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1169536?lang=kk