Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті!
26.02.2026 11:08:09 176
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармониясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев-тың 95 жылдық мерейтойына арналған «Тағы бір ақ таң, ақпанда» атты ән‑сазды концерт өткізілді.
Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалды. Бағдарламада: «Саржайлау», «Мен нағыз махаббатты армандаймын», «Сенің көзің», «Мен деп ойла», «Құмған алған», «Қазағымай», және тағы басқа әңдер орындалды.
Концертке мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақынның құрметті жанашырлары және өнер сүйер қауым қатысты.
Сахнада филармонияның талантты әншілері өнер көрсетті, ал кештің сәнін Жетісу би ансамблі өз билерімен келтірді.
Шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаев шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жас ұрпақты поэзия мен өнерге тарту, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен мәдени мұраны насихаттау болды.
Концерт көрермендерге ерекше әсер қалдырды, ақынның өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалғандықтан, кештің мәдени және эстетикалық мәні айқын көрінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1169815?lang=kk