Бейрезиденттің көлік-экспедициялық қызметтер көрсетуінен алынатын кірістерге салық салу

Бейрезиденттің көлік-экспедициялық қызметтер көрсетуінен алынатын кірістерге салық салу

26.02.2026 17:05:40 257

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінде бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер деп танылатын кірістердің тізбесі айқындалған.

Атап айтқанда, Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірістеріне, соның ішінде, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер жатады.

Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.

Бұл ретте бейрезиденттің көлік-экспедициялық қызметтер көрсетуден алған кірістері төлем көзінен 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. 

Сонымен қатар, Бейрезидентпен жасалған келісімшартта Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде осы бапта белгіленген төлем көзінен ұсталатын табыс салығын есептеу және ұстап қалу тәртібі жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке-жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстап қалу мақсатында жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрі ретінде қаралады.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша бейрезиденттің жалпы кірістер сомасы Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге негізгі түрде бөлінуге тиіс.

Осы ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған, бейрезиденттің жалпы кіріс сомасын Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге және оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бөлуді растайтын есепке алу құжаттамасының көшірмелерін көрсетілетін қызметтерді алушыға ұсынуға міндетті.

Осы ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын бейрезиденттің кіріс сомасының төмендеуіне алып келген, бейрезиденттің кірісін осындай бөлу болмаған немесе негізсіз бөлген кезде жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша бейрезиденттің Қазақстан Республикасында, сол сияқты оның шегінен тыс жерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған жиынтық кіріс сомасы салық салынуға жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1170342?lang=kk