28 февраля 2026 года – последний день подачи уведомления о применении СНР.
26.02.2026 17:47:14 289
2026 жылғы 28 ақпан – АСР қолдану туралы хабарлама тапсырудың соңғы күні.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында арнаулы салық режимдерінің (АСР) тек үш түрі қолданылады:
• өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
• оңайлатылған декларация негізінде;
• шаруа және фермер қожалықтары үшін.
📌 Кімдер хабарлама тапсыруы қажет?
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ды қолдануды жоспарлаған салық төлеушілер 2026 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсыруы тиіс.
❗ Белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне автоматты түрде ауыстырылады.
________________________________________
📍 Хабарлама тапсыру тәсілдері:
• Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
• e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
• орналасқан жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына (Мемлекеттік кірістер органдарына);
• банк қосымшалары арқылы.
________________________________________
⚠ Қосымша ақпарат
2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы:
• патент негізіндегі АСР-ды;
• арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ды қолданған салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден автоматты түрде алып тастайды.
📌 Тіркеуден алып тастау күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеуші тіркеуден өз еркімен шығу туралы өтініш беруге құқылы.
Егер салық төлеуші басқа салық режимін қолдану туралы хабарлама тапсырған болса, тіркеуден алып тастау жүргізілмейді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың басталу күні e-Salyq Business мобильді қосымшасында алғашқы чекті қалыптастыру күні болып есептеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1170375?lang=kk