ІМАК-нің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған басымдықтар айқындалды

ІМАК-нің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған басымдықтар айқындалды

27.02.2026 14:24:28 158


Алқалы жиын Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтіп, оған аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты.
 
2025 жылы 1 359 аудиторлық іс-шара өткізілді (2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға аз), алайда анықталған бұзушылықтардың көлемі 36%-ға өсіп, 462 млрд теңгеге жетті. Бір тексерудің тиімділігі үш есе артты. Бюджетке 418,4 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді, 11 мыңнан астам іс қозғалды.
 
Былтыр атқарылған жұмыстың негізгі бағыттарының бірі онлайн-бюджеттік мониторингпен байланысты болды. Осылайша мемлекеттік қаражаттың әр тиыны қашықтан бақылауға алынды. Жыл қорытындысы бойынша 1,5 млрд теңгеге негізсіз төлемдер әшкереленіп, 1 млрд теңгеден астам сома қазынаға қайтарылды.
 
Сонымен қатар комитет ірі шығыстар мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды ерекше бақылауға алды. Осының арқасында мемлекеттік сатып алуларда 57 млрд теңгеден астам сомаға бағаның негізсіз өсуіне жол берілген жоқ.
 
Цифрландыру қаржылық бақылау жүйесін түбегейлі өзгертіп, вежомство өз тәсілдерін белсенді түрде жетілдіріп келеді. Қаржылық есептілік депозитарийін (ҚЕД) E-Minerals жүйесімен интеграциялау жер қойнауын пайдаланушылардың қамтылуын үш есе, яғни 460-тан 1400 адамға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.
 Нәтижесінде 1300-ден астам ірі кәсіпкер көлеңкелі кәсіпкерлік қатарынан шығарылды.

Отырыс барысында Қаржы вице-министрі алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындап, оларды орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ ІМАК жұмысында жүйелі бақылауды одан әрі жетілдіру мен цифрлы құралдарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1171119?lang=kk