Салық заңнамасының өзекті мәселелері
27.02.2026 16:39:22 183
2026 жылғы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШҚОФ алаңында сөз сөйлеп, салық заңнамасындағы маңызды өзгерістерді бизнес қауымдастыққа түсіндірді.
Іс-шараға ШҚО бойынша МКД-нің қызметкерлері, салық төлеушілер, консалтингтік компаниялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және блогерлер қатысты.
Семинар аясында Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жібітаев акцизделетін өнімдерді лицензиялау тәртібі мен сыра және сыра сусындарын таңбалау мәселелерін түсіндірді.
Аудит басқармасының басшысы Шарип Сейкенов жаңа Салық кодексінде салықтық тексерулерді тағайындау және өткізу тәртібіне енгізілген жаңалықтар туралы ақпарат берді.
Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Гүлмира Карибаева жаңа Салық кодексіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша өзгерістерді, сондай-ақ жаңартылған нормаларды қолданудың практикалық аспектілерін баяндады.
Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова бейрезидент тұлғалардың табыстарына салық салудың ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісіп, арнайы салық режимдеріне қатысты өтпелі ережелерге тоқталды.
Семинар қорытындысында ашық «Сұрақ - жауап» сессиясы ұйымдастырылып, қатысушыларға салық заңнамасын практикалық қолдану бойынша түсініктемелер берілді.
Семинар бизнес қауымдастықты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен таныстыру, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1171318?lang=kk