Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты

27.02.2026 17:17:24 266

01.02.2026 жылғы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  26,36 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,74 трлн теңгеге немесе 16,5%-ға өсті.

2026 жылдың 1 ақпанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,81 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 14,4%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 736,07 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,2%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 ақпанына 807,75 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың қаңтар айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 264,65 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,0%-ға (немесе 30,41 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 ақпанға дейін 211,73 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 5,7%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 14,00 млрд теңге (өсім – 15,0%), ЕЗЖ – 185 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 38,74 млрд теңгені құрады.   

 

Төлемдер мен аударымдар

2026 жылғы ақпандағы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 124,27 млрд теңгені құрады.  

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл басынан бері 01.02.2026 жылға 17,30 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 312 теңге.   

2026 жылдың қаңтар айында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 47,88 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 17,80 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 3,09 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 352,91 млн теңге, жерлеуге – 866,12 млн теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 36,99 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,28 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,04 млн бірлік немесе 6,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 ақпанына 12,73 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,30 млн - МЗЖ бойынша, 766,40 мыңы - МКЗЖ бойынша, 469,08 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,30 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,55 млн бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1171616?lang=kk