Зерендіде жаңа тарихи-өлкетану музейінің құрылысы жалғасуда

Зерендіде жаңа тарихи-өлкетану музейінің құрылысы жалғасуда

27.02.2026 18:21:37 227

Зеренді ауданының Зеренді ауылында өңірдің маңызды мәдени нысанына айналатын тарихи-өлкетану музейінің құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын «Строй Тех IC» ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде.

Жобада жалпы ауданы шамамен 1 380 м² болатын екі қабатты ғимарат салу қарастырылған. Оның құрамына экспозициялық залдар, қор сақтау қоймасы, білім беру кеңістіктері, әкімшілік бөлмелер және техникалық аймақтар кіреді. Қазіргі таңда іргетас құю және гидрооқшаулау жұмыстары аяқталды, инженерлік желілер тартылды, бірінші қабаттың қабырғалары мен қалқандары тұрғызылып, аралық жабындысы орнатылды және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылды. Екінші қабатта тірек бағаналарын бетондау және қабырға қалау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым өкілдерінің мәліметінше, нысанның дайындық деңгейі 35%-ды құрайды.

Жаңа мәдени-білім беру орталығы дәрістер, көрмелер, зерттеушілермен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізуге арналған алаңға айналады. Жобаны іске асыру Зерендідің туристік тартымдылығын арттырып, гуманитарлық саланың дамуына серпін беретін заманауи мәдени кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1171629?lang=kk