Кремний алқабында “Сөйле” қазақ тілі клубы жұмысын бастады

Кремний алқабында “Сөйле” қазақ тілі клубы жұмысын бастады

28.02.2026 09:41:59 249

Сан-Франциско, 2025 жылғы 19 қарашаСан-Франциско шығанағында Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен және Кремний алқабының Қазақ-Америкалық Қауымдастығы шеңберінде жұмыс істейтін “Сөйле” қазақша клубы ашылды.

Шалғайда жүрген әрбір қазақ өзінің мәдениетін, тілі мен ділін ұмытқысы келмейді. Отанынан алыста жүрсе де, елге бір қадам жақындата түсетін құрал ретінде, қазақ тілін сақтап қалу мақсатында құрылған Қазақ тілі клубы өз қатысушыларын тауып жатыр. Қазақ тілін үйренуге онлайн құралдар көп болғанымен, отандастармен кездесіп, ашық-жарқын сөйлескенге не жетсін.

Клуб отырыстары әр сенбі сайын Пало-Альто қаласында өтеді. Қатысушылар қатарында отандастарымызбен бірге америкалық азаматтар да бар. Олар тіл меңгеру деңгейіне қарай екі топқа бөлінген. Сабақтарды тәжірибелі әрі білікті мұғалімдер жүргізеді. Олар қатысушыларға қазақ тілін үйретіп қана қоймай, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді де таныстырады. Келушілер қазақтың төл дыбыстарымен танысып, “базарда” саудаласып, жаңылтпаштар айтып көңілді уақыт өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/1171750?lang=kk