1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
02.03.2026 09:22:45 248
Құрметті ауыл тұрғындары!
1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын!
Бұл күн – бірлік пен татулықты, өзара құрмет пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке. Елімізде бұл айтулы күн алғаш рет 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен байланысты бекітілді. Алғыс айту күні – қиын-қыстау кезеңдерде бір-біріне сүйеу болған барша азаматтарға ризашылық білдіретін тағылымы терең мереке.
Осы мерекеде ауылымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген барша тұрғындарға шынайы алғысымды білдіремін. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын! Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, денсаулық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Баянды ауылы әкімі Қадырбек Құдабайұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1172078?lang=kk