Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл күн адал еңбектің, кәсіби шеберліктің маңызын атап, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтардың ел дамуына қосқан үлесін бағалауға арналған.

26.09.2026 20:57:23 168

Мемлекет басшысы жариялаған 2025 жылғы Жұмысшы мамандықтар жылы бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін берді. Сол жылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, еңбек құндылықтарын дәріптеуге, кәсіби дағдыларды дамытуға және еңбек адамдарының жетістіктерін мойындауға ерекше көңіл бөлінді.
2026 жылы да еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыс жалғасып келеді.
Еліміздің әр жетістігінің артында күн сайын адал еңбек етіп жүрген миллиондаған адам тұр. Бүгін өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбегімен Қазақстанның бүгіні мен болашағына үлес қосып жүрген әр азаматқа алғыс білдіреміз.