2026 жылдың 27 ақпан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Е.Мергалиевтің төрағалығымен өтті
02.03.2026 10:13:03 305
2026 жылдың 27 ақпан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мәслихат депутаты Е.Мергалиевтің төрағалығымен өтті.
Отырыста экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова «2026-2030 жылдарға арналған Бөрлі ауданының даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша баяндама жасап, депутаттардың назарына ұсынды.
Бұдан соң, депутаттар аудандық жер комиссиясының жаңа құрамымен танысып, жер қатынастар бөлімінің басшысына өздерінің сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Мукашева «Учаскелік сайлау комиссияларына қосымша сайлау туралы» баяндап, комиссия мүшелігіне енгізілетін тізіммен таныстырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кезекті сессияда қарауға ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1172166?lang=kk