Резидент емес тұлғаның көлік-экспедиторлық қызметтерінен түсетін табысына салық салу

Резидент емес тұлғаның көлік-экспедиторлық қызметтерінен түсетін табысына салық салу

02.03.2026 10:31:00 252

Резидент емес тұлғаның көлік-экспедиторлық қызметтерінен түсетін табысына салық салу
Егер сіз шетелдік компаниямен көлік-экспедиторлық қызметтер бойынша жұмыс жасасаңыз — салық салу тәртібін ескергеніңіз маңызды 
Қандай жағдайда төлем көзінен КПН ұсталады?
Егер резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алса және ҚР аумағында тұрақты мекеме құрмаса — мұндай табысқа шегерімдерсіз төлем көзінен корпоративтік табыс салығы (КПН) салынады.
Салық мөлшерлемесі — 20%
Көлік-экспедиторлық қызметтер көрсетуден алынған табысқа 20% мөлшерлеме қолданылады.
Егер шартта ҚР аумағында және одан тыс жұмыстар көзделсе
Салық әрбір жұмыс пен қызмет түрі бойынша жеке есептеледі.
Біртұтас өндірістік-технологиялық цикл аясында орындалса да, әр кезең КПН есептеу және ұстап қалу мақсатында жеке қызмет түрі ретінде қарастырылады.
Табысты дұрыс бөлу маңызды
Шарт бойынша жалпы табыс:
ҚР аумағында алынған және одан тыс алынған табысқа негізді түрде бөлінуі
құжатпен расталуы тиіс
Егер мұндай бөлу жасалмаса немесе негізсіз жүргізілсе (салық сомасын төмендетуге әкелсе), онда шарт бойынша алынған табыстың барлық жиынтық сомасы, жұмыстар ҚР аумағында немесе одан тыс орындалғанына қарамастан, салық салуға жатады.
Резидент емес тұлғалармен шарт жасасқанда құжаттарды дұрыс рәсімдеу — қосымша есептеулер мен айыппұлдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1172208?lang=kk