Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 наурыз күні атап өтілетін «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында мекеменің тәрбие бөлімі тарапынан қазақстандық «Семьянин» көркем фильмі көрсетілді.

Қазақстан Республикасында жыл сайын 1 наурыз күні атап өтілетін «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында мекеменің тәрбие бөлімі тарапынан қазақстандық «Семьянин» көркем фильмі көрсетілді.

04.03.2026 18:34:44 61

Аталған іс-шара сотталған азаматтардың бойында алғыс айту мәдениетін қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды. «Семьянин» фильмі отбасының маңыздылығын, жақын жандар алдындағы жауапкершілікті және өмірлік құндылықтарды бағалауды насихаттайды.

Фильм көрсетілімінен кейін қатысушылар арасында талқылау ұйымдастырылып, алғыс пен отбасының өмірдегі орны туралы пікір алмасу жүргізілді.

Мұндай тәрбиелік шаралар тұлғаның оң қасиеттерін дамытуға және қоғамға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1174313?lang=kk