Қазақстанның конституциялық реформасы ЕКПА назарында

Қазақстанның конституциялық реформасы ЕКПА назарында

04.03.2026 18:35:35 7

Страсбург, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Бас хатшысы Деспина Хацивассилиумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бас хатшыға конституциялық реформаның негізгі кезеңдері мен жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы жан-жақты таныстырылды.

Конституциялық реформа – жаңа саяси, экономикалық және технологиялық шынайылық жағдайында мемлекеттің институционалдық архитектурасын уақтылы жетілдіру болып табылады.

ЕКПА басшылығына Негізгі заңның басты жаңашылдықтары таныстырылды. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын бейнелеуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген Қазақстанның саяси жүйесінің үздіксіздігі мен даму логикасын нығайтады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралардың алдын ала жол картасы айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1174148?lang=kk