Астана мен Хельсинки конституциялық реформалар аясында сараптамалық әріптестікті нығайтуда

Астана мен Хельсинки конституциялық реформалар аясында сараптамалық әріптестікті нығайтуда

04.03.2026 19:12:25 224

Хельсинки, 2026 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Хельсинки университеті жанындағы Александров институты директоры Анна Хеусаламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік үдерістердің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасып, саяси диалогтың оң серпінін және екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Елші сұхбаттасын 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. Ол негізгі конституциялық өзгерістер мен жаңа Конституция жобасының мазмұнына тоқталып, ұсынылып отырған конституциялық реформа Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған дәйекті саяси жаңғырулардың заңды жалғасы екенін атап өтті.

Өз кезегінде А.Хеусала Финляндияда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға ерекше назар аударылатынын айтып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулардың ауқымы мен жүйелілігіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, Қазақстан Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын, орнықты әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде сараптамалық және ақпараттық-талдамалық материалдармен жүйелі алмасуға, сұхбаттар ұйымдастыруға, сондай-ақ өзара сапарлар өткізуге мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1175104?lang=kk