Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі

Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі

05.03.2026 08:51:04 204

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселесі қаралды.

Талқылауға салалық қауымдастықтардың, оның ішінде «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» өзін-өзі реттейтін ұйымының және «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өзін-өзі реттейтін ұйымы» ЗТБ және саланың ірі кәсіпорындарының, оның ішінде «AZALA Group» МК, «Qazaq Tigin Fabrikasy» ЖШС, «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС, «Глобал-Арнайыкиім» ЖШС, «ТаразТеріАяқкиім» ЖШС төрағалары және басқалар қатысты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда жеңіл өнеркәсіп тұрақты дамуды көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі НКИ-нің 3%-ға өсу жоспарымен 13,2%-ға өсіп, 260 млрд теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі – 0,8%. Айта кетсек, жеңіл өнеркәсіп құрылымында 60%-дан астам тоқыма өндірісі, 32% – киім өндірісі және 6,5% аяқ киім мен былғарыдан жасалған бұйым өндіріледі. Кәсіпорындардың 97%-дан астамы шағын бизнес субъектілері.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақта мен тері өңдеуді тереңдету, синтетикалық талшық өндірісін кеңейту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту арқылы жоспарлануда.

2025 жылы елімізде мақтаның рекордтық көлемі, 466 мың тонна жиналды. 116,1 мың тонна мақта талшығы, 500 тонна иірілген жіп, 5,2 млн шаршы метр мата және 28,6 млн бірлік дайын тоқыма бұйымы өндірілді.

Мысал ретінде, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бір тонна мақта талшығын қайта өңдеу 1 650 бірлікке дейін дайын тоқыма өнімір шығаруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Шикізатты толық қайта өңдеуді қамтамасыз ете отырып, ықтимал қосылған құн $1,67 млрд-қа жетіп, сондай-ақ 5 мыңға дейін жұмыс орнын құруға ықпал етуі мүмкін.

Салада «KazFeltec» оқшаулау өндірісін, Талшықтекс тоқылған полипропилен геокенеп өндірісін және Түркістан тоқыма мақта-мата иірілген жіп өндірісін қосқанда, ортамерзімдік перспективаға негіз болатын жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар оң динамикаға қарамастан, отырысқа қатысушылар кешенді шешуді талап ететін бірқатар жүйелі мәселені белгіледі. Олар шикізат базасын дамытуға, өндірісті жаңғыртуға, реттеліп сатып алу тетігін жетілдіруге және қаржылық қолдау шараларын кеңейтуге қатысты.

Сала кәсіпорындары дамудың болжамды жағдайын қалыптастыру кезінде өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға дайын екендігін растады.

Белгіленген міндеттерді ескере отырып, бизнес-қоғамдастық пен салалық қауымдастықтардың қатысуымен жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жүйелік құжаттың қажеттілігі саланың оң динамикасына да, оның одан әрі өсу әлеуетіне де байланысты.

«Жеңіл өнеркәсіп біз үшін халықты жұмыспен қамту тұрғысынан өте маңызды. Мысалы, Түркістан облысында, еліміздің ең көп қоныстанған облысында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны бар. Олардың одан әрі дамуымен жергілікті халықты жұмыс орындарымен және лайықты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнеспен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуді бастауы қажет. Құжатта базалық кәсіпорындар, олардың ағымдағы көрсеткіштері мен мақсатты бағдарлары анықталуы керек. Қарсы міндеттемелер, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1175192?lang=kk