Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады

Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады

05.03.2026 11:23:08 233

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрдің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының Елшісі Антония Кацуруды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы аталып өтті.

«Грекия – Жерорта теңізі өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктесі. Біз шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімізді білдіреміз», – деп атап өтті А.Исетов.

Өз кезегінде, А.Кацуру Афинаның Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап, туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.

Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1175390?lang=kk