Өкілдік басшысы MÜSİAD қауымдастығының ұйымдастырған мерекелік ауызашарына қатысты
05.03.2026 12:11:34 189
2026 жылы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов MÜSİAD қауымдастығының қасиетті Рамазан айына байланысты ұйымдастырған мерекелік ауызашар іс-шарасына қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Өкілдік басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік ортақ тарихқа, мәдени жақындыққа және сенімді саяси диалогқа негізделгендігін, сонымен қатар соңғы жылдары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар қарқынды дамып келетіндігін, бұл бағытта MÜSİAD қауымдастығының белсенді рөлін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1175464?lang=kk