2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғалардың салық салу тәртібі

2026 жылы жеке практикамен айналысатын тұлғалардың салық салу тәртібі

05.03.2026 17:37:29 173

Жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға (ЖПАТ) жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жатады.

Тіркеу есебі

ЖПТ-ны тіркеу, тіркеу деректерін өзгерту және тіркеуден шығару Салық кодексінің 97–98-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Жеке табыс салығы

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар жеке табыс салығының (ЖТС) төлеушілері болып табылады, ставкасы – табыс салығына жататын кірістің 9 % (Салық кодексінің 363-бабы).

ЖПАТ келесі салық шегерімдерін қолдана алады:

  • әлеуметтік төлемдер бойынша салық шегерімі;
  • базалық салық шегерімі;
  • әлеуметтік салық шегерімдері.

Есептелген ЖТС ай сайын төленеді, кіріс есептелген айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) мәселелері

Салық кодексінің өту кезеңіндегі ережелеріне сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ҚҚС төлеушілер емес болып саналады және ҚҚС бойынша тіркеуден шығарылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеуге қойылған куәлік жарамсыз болып саналады.

Салық есептілігі

ЖПАТ келесі декларацияларды ұсынады:

- кіріс пен мүлік бойынша декларация (ФНО 270.00) – есепті жылды келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін;

- ЖТС бойынша ликвидациялық декларация (ФНО 240.00) – қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда.

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1175793?lang=kk