Қазақстан Республикасының конституциялық реформаларын Иорданияның БАҚ және сараптамалық топтары талқылады

Қазақстан Республикасының конституциялық реформаларын Иорданияның БАҚ және сараптамалық топтары талқылады

06.03.2026 08:04:14 107

Амман, 2026 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен Иорданияның жетекші БАҚ өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы (Jordan News Agency (Petra), The Jordan Times, Alanbat News, Jordan Daily және Жеке қолданбалы ғылымдар университеті) қатысқан брифинг өтті.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және ашықтығын күшейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы иордандық әріптестерді хабардар етті.

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетініне ерекше назар аударылды. Жаңа Конституция елеулі өзгерістерді көздейтіндігі және құрылымы мен негізгі нормалары бойынша сапалық тұрғыдан өзгеше болатындығы атап өтілді.

Қатысушылар Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының негізгі мазмұнымен таныстырылды. Жоба Конституциялық Соттың рөлін күшейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді, Вице-Президент институтын енгізуді, бірпалаталы парламентке және пропорционалды сайлау жүйесіне көшуді, мемлекеттің зайырлы сипатын бекітуді, сондай-ақ заңнамалық бастама құқығына ие болатын Халық кеңесін құруды көздейді.

Иордания БАҚ өкілдері Қазақстандағы саяси өзгерістерді талқылауға белсенді қатысып, олардың мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы туралы ақпараттық материалдар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1175936?lang=kk