8 наурыз !

8 наурыз !

06.03.2026 12:26:33 225

Құрметті арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – мейірім мен сұлулықтың, даналық пен төзімділіктің символы. Сіздер қоғамда, отбасында және қызметте үлкен жауапкершілік атқарып, әрдайым кәсібилік пен табандылықтың үлгісін көрсетіп келесіздер.

Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, көктемдей құлпырып жүре беріңіздер!

 

Iзгi ниетпен,

Жетісу облысы бойынша

МКД басшысы У.Умирзаков

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1176298?lang=kk