Саяси консультациялардың алғашқы раунды аясында Астана мен Бангкок ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылады

Саяси консультациялардың алғашқы раунды аясында Астана мен Бангкок ынтымақтастықтың жаңа кезеңін талқылады

06.03.2026 15:31:21 140

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің хатшысы Сарун Чароенсуванның қатысуымен қазақ-таиланд саяси консультацияларының алғашқы раунды өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және шарт-құқықтық негізді кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. Жоғары және биік деңгейлердегі сапарлар алмасуды жандандыру, сондай-ақ Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық жүргізу маңызды екені аталып өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 255 млн АҚШ долларын құрады. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет, көлік және логистика, цифрлық даму мен туризм салаларында өзара іс-қимылды тереңдетудің елеулі әлеуеті бар екені атап көрсетілді.

Сонымен қатар көліктік байланыстылықты дамыту, әуе қатынасын кеңейту және туристік алмасуды ұлғайту мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, БҰҰ, АӨСШК, БРИКС аясындағы өзара іс-қимыл және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен диалог мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси байланысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1176512?lang=kk