Павлодар облысында 19 мыңнан астам автокөлік иелері көлік салығын төлемеген
06.03.2026 16:21:51 156Павлодар облысында тіркелген автокөліктер мен олардың иелері туралы мәліметтер бойынша (ҚР ІІМ ӘПК) 147 мыңнан астам автокөлік иері тіркелген, олардың меншігінде 220 мыңнан астам автокөлік бар.
Қазіргі таңда 19 мыңнан астам автокөлік иесі көлік салығы бойынша жалпы сомасы шамамен 655 млн теңге қарыз болып отыр.
Салықты уақытында төлемеген тұлғаларға 2 сәуірден бастап салық қарызы туралы хабарламалар жіберіледі. Сонымен қатар, әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұл есептеледі.
Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеуші 30 жұмыс күні ішінде қарызын өтеуі қажет.
Егер талап орындалмаса, автоматты түрде салық бұйрығы жасалып, салық төлеушіге жіберіледі және оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Егер бұйрық орындалмаса, ол Жеке сот орындаушылары палатасына (ЖСОП) жіберіліп, өндіріп алу және қарызды мәжбүрлеп өндіру рәсімі жүргізіледі.
Жеке сот орындаушылары палатасы және полиция департаментімен бірлесіп, көлік салығы бойынша қарыздарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Рейд кезінде жүзеге асырылады:
- «Оракул-Қорғау» іздеу жүйесінің мәліметтер базасы арқылы қарыздардың бар-жоғын тексеру;
- салық қарызын өндіріп алу үшін салық бұйрықтарын тапсыру.
Қарыздар туралы ақпарат полиция департаментіне жіберіліп, патруль көліктерінде орнатылған «Оракул-Қорғау» іздеу жүйесінің деректер базасына енгізіледі.
Егер салық қарызы өтелмесе, полиция қызметкерлерінің құқығы бар көлікті айып тұрағына қою.
2025-ы шамамен 250 рейдтік іс-шара өткізілген. Нәтижесінде 3 196 салық төлеуші өз қарызын өтеді, түскен сома 164 млн. теңге, 6 автокөлік айып тұрағына қойылды.
2026 жылы осы бағыттағы жұмыс жалғасады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1176612?lang=kk