Көктем, сұлулық пен үйлесім мерекесі құтты болсын!

Көктем, сұлулық пен үйлесім мерекесі құтты болсын!

06.03.2026 17:32:05 282

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы әріптестерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтінін әйелдер еліміздің экономиканың дамуына және республикамыздың әл-ауқатына үлкен үлес қосуда.Олар қызмет көрсету орталықтарында, кеден бекеттерінде және басқада  жауапты салаларында жұмыс атқаруда.Олардың  жоғары кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік кез келген тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға көмектеседі.

Қымбатты мемлекеттік кірістер органдарының арулары! Егеменді еліміздің биік белестерге көтерілуіне, нығаюына қосқан үлестеріңізге зор алғысымызды білдіре отырып, мереке күні Сіздерге мол денсалық, отбасыңызға амандық саулық, бірлік-береке, баянды бақыт, қызметіңізге табыс, сәттілік тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1176728?lang=kk