Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады

Бельгиядағы Қазақстан жастары алдағы республикалық референдумды талқылады

07.03.2026 08:52:14 267

2026 жылғы 6 наурыз, Брюссель — Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко «QazSociety» қазақстандық қауымдастығының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші белсенділерге азаматтық ұстанымы мен Бельгиядағы қазақстандық қауымдастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол елдің қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы басымдықтары, цифрландыру үрдісі және Еуропалық серіктестермен ынтымақтастық перспективалары туралы айтты.

Негізгі назар 15 наурызға белгіленген Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы бойынша республикалық референдумға аударылды.

«Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы бойынша республикалық референдум елдің болашақ дамуы туралы қоғамдық диалогтың маңызды кезеңі болады. Ол азаматтарға өз пікірін тікелей білдіруге және ел дамуының негізгі бағыттарын талқылауға қатысуға мүмкіндік береді», — деді Роман Василенко.

Қатысушылар конституциялық реформаның егжей-тегжейіне, оның жүзеге асу механизмдеріне, сондай-ақ Қазақстанның саяси жүйесін дамыту және Еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты нығайту перспективаларына қызығушылық көрсетті. Талқылау ашық форматта өтті, студенттер сұрақтар қойып, консулдық және құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.

Бельгия және Люксембургте тұратын Қазақстан азаматтары 15 наурызда республикалық референдумға 07:00-ден 20:00-ге дейін Брюссельдегі Қазақстан Республикасының Елшілігіндегі №405 дауыс беру учаскесінде қатыса алады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1176907?lang=kk