Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті

Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті

08.03.2026 12:10:40 356

Денисов ауданында республикалық «Қарлы десант» акциясы аясында еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетіп, игі іс атқарды.

Акцияның басты мақсаты – қарттарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара көмектесу мәдениетін қалыптастыру. Бұл бастама аудан жастарының белсенділігін арттырып, үлкен буынға құрмет көрсету дәстүрін дәріптеуге бағытталған.

Шара барысында ауданның белсенді жастары жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне барып, ауласы мен үй маңындағы аумақты қардан тазартты. Шамамен 10 ерікті бірлесе жұмыс істеп, 1,5 сағаттың ішінде аула ішін толықтай қардан аршып шықты.

«Қарлы десант» акциясы қыс мезгілінде дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1177071?lang=kk