Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева арналған көрме ұйымдастырылды

Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева арналған көрме ұйымдастырылды

10.03.2026 10:11:55 214

Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған «Ұлт руханиятындағы әйел бейнесі» атты көрме ұйымдастырылды.

Аталған көрмені «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы №10, М. Горький атындағы №4 және №2 орта мектептердің оқушылары тамашалады.

Экскурсия барысында оқушыларға Зылиха Тамшыбаеваның өмір жолы мен елеулі еңбегі туралы кеңінен мәлімет беріліп, оның өзі пайдаланған жеке заттары, фотосуреттері мен тарихи құжаттары таныстырылды.

Көрме жас ұрпаққа елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмірі мен қызметін насихаттап, олардың өнегелі жолын танытуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1177261?lang=kk