Қазақстан Елшісінің Индонезия Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты өңірі және Африка мәселелері жөніндегі Бас директорымен кездесуі
10.03.2026 14:51:47 215
Джакарта, 2025 жылғы 10 наурыз - Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты өңірі және Африка мәселелері жөніндегі жаңа Бас директоры Санто Дармосумартомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Индонезия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Елші С.Әбдікәрімов контрәріптесіне Қазақстандағы конституциялық және әлеуметтік-саяси реформалар мен елдің жаңа Конституция жобасының негізгі новеллаларын атап өтіп, жобаға қатысты жалпыұлттық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтетінін мәлім етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Индонезия арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және өзара тиімді серіктестікті дамытуға өзара қызығушылықтарын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1177713?lang=kk