Онлайн-эфир: Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру
11.03.2026 12:42:14 246
2026 жылғы 11 наурызда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік еңбек инспекторы К.С. Сайбекова халықпен «Тәртіптік теріс қылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Онлайн-эфир барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің тәртіптік теріс қылық ұғымына, қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту негіздеріне, сондай-ақ тәртіптік жазаларды қолдану тәртібіне қатысты негізгі ережелері түсіндірілді.
Эфир қатысушыларына қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат берілді. Осындай онлайн іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіруге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1178546?lang=kk