Қазақстан мен Сауд Арабиясының даму қоры ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады
12.03.2026 08:11:26 267
Рияд, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы даму қорының Бас атқарушы директоры Сұлтан Әл-Маршадпен келіссөздер өткізді.
Сұхбат барысында тараптар инфрақұрылым және денсаулық сақтау салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
М.Меңілбеков Сауд Арабиясының даму қорының түрлі елдердегі әлеуметтік-экономикалық жобаларды қолдаудағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ тарапы Қормен әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде, С.Әл-Маршад перспективалы жобаларды қарастыруға дайын екенін білдіріп, Қордың Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатынын атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд экономикалық байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1179107?lang=kk