Амангелді ауданында мамандықтар фестивалі өтті

Амангелді ауданында мамандықтар фестивалі өтті

12.03.2026 09:11:05 218

Қостанай облысының Амангелді ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мамандықтар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға түрлі мамандықтардың маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.
Іс-шара аясында әр түрлі мамандықтар бойынша мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрмеде медицина, білім беру, құқық қорғау, кәсіпкерлік, техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар кеңінен таныстырылды. Әр сала өкілдері өз қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікке үндеді.
Фестиваль барысында оқушылар мамандармен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, әр сала мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылып, қонақтар өздерінің еңбек жолы, жетістікке жету тәжірибесі және мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Мұндай кездесулер жас буынға үлкен мотивация беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1179141?lang=kk