8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 🌷
12.03.2026 12:15:03 208
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Бастаушы ауылдық округінде ерекше құрметке толы игі шара ұйымдастырылды. Ауылымыздың қазынасы саналатын қарт аналарымыз бен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері ардақты аналарымызға құрмет көрсетіліп, мерекелік себеттер табыс етілді. Бастаушы ауылдық округінің әкімі Кенесбеков А.Б ардақты аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Аналардың ақыл-парасаты, мейірімі мен тәрбиесі – ұрпаққа үлгі, елге береке екені айтылып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық тіленді. Мерекелік сыйлықтар демеушісі – Қумаров Бақытбек Құсайынұлы. Осындай игі іске қолдау көрсетіп, аналарға қуаныш сыйлағаны үшін демеушіге ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірілді. Бұл шара – аналарға деген құрметтің, үлкенге ізеттің айқын көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1179397?lang=kk