Күзгі әскери науқанға белсенділік танытқан мамандарға алғыс білдірілді
12.03.2026 12:22:03 199
Елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру қазіргі уақытта маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын ұйымдастыруға арналған мәжіліс өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жандос Бекмұрзаев көктемгі шақыру науқанының барысы туралы хабарлама жасап, шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат берді.
Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары әскерге шақыру науқанының сапалы әрі жүйелі ұйымдастырылуы маңызды екенін атап өтіп, тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар жиын барысында өткен жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанында өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, белсенді қатысқан бірқатар мамандарға аудан әкімінің және аудан әкімінің орынбасарының «Алғыс хаты» табысталды.
Айта кетейік 2026 жылдың 1 наурыздан 30 маусымға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы әскерге жарамды азаматтар медициналық тексеруден өтіп, әскер қатарына шақырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1179439?lang=kk