Қазақстандағы алдағы референдум мен саяси жаңғыру Нидерландтағы студенттік аудиторияға таныстырылды
12.03.2026 13:31:32 250
Гаага, 2026 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Ақан Рахметуллин Амстердам қаласындағы SIB Amsterdam (Studentenvereniging voor Internationale Betrekkingen) студенттік қауымдастығының студенттерімен кездесу өткізді. SIB Amsterdam – халықаралық қатынастарға, әлемдік саясат пен мәдениетке қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін, ағылшын тілінде қызмет ететін студенттік қауымдастық.
1947 жылы құрылған SIB Amsterdam Нидерландтағы танымал студенттік алаңдардың бірі болып табылады және түрлі білім беру бағыттары бойынша білім алып жатқан 300-ден астам студентті біріктіреді. Қауымдастық коммерциялық емес, инклюзивті әрі саяси тұрғыдан бейтарап ұйым ретінде қызмет етеді және 18 бен 35 жас аралығындағы нидерландтық және шетелдік студенттерге ашық.
Кездесу барысында студенттер Қазақстанның Еуропалық одақпен және Нидерландпен қарым-қатынастарының дамуы, Гаага қаласындағы Қазақстан Елшілігінің қызметі мен оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ елдің сыртқы саяси басымдықтары сияқты кең ауқымды мәселелерге қызығушылық танытты.
Кездесу барысында цифрландыру және заманауи технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне, соның ішінде цифрлық шешімдер мен CRM жүйелерін енгізуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушыларды шетелде тұратын Қазақстан азаматтары үшін дауыс беруді ұйымдастыру тетіктері, азаматтарды ақпараттандыру мәселелері және электоралдық үдерістерге бақылаушылардың қатысуы қызықтырды.
Кездесу барысында Елші Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, елдің Орталық Азияның өңірлік архитектурасындағы және көпжақты халықаралық алаңдардағы рөлін таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформаларға, оның ішінде республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасына ерекше назар аударылды. Аталған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ әртараптандырылған әрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1179513?lang=kk