Қазақстан мен Түркия дінаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Түркия дінаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады

13.03.2026 08:01:25 147

Анкара, 2026 жылғы 12 наурыз – Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Е.Сәпиев Түркияның Дін істері басқармасының төрағасы Сафи Арпагушпен кездесті. Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің нәтижелері мен «Астана 2025 – Бейбітшілік декларациясын» ілгерілету мәселелері талқыланды.

Тараптар дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту, дін саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударды. Кездесу барысында екі елдің бұл бағыттағы бастамаларының маңызы атап өтіліп, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендері білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1179990?lang=kk