Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті

Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті

13.03.2026 08:01:31 256

2026 жылғы 12 наурызда Өзбекстандағы Қазақстанның Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар алдағы Өңірлік экологиялық саммит пен Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының отырысы аясында су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.

Тараптар трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы Келісімге қол қоюдың маңызын атап өтіп, оны қазақстан-өзбек ынтымақтастығын нығайтудың кезекті маңызды қадамы ретінде бағалады.

2025 жылғы қарашада өткен Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысының қорытындысы бойынша құрылған трансшекаралық өзендердің су ағынын болжау жөніндегі Жұмыс тобының қызметін жедел бастау қажеттігі атап өтілді.

Қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударды. Бұл ұйым БҰҰ жүйесіндегі су ресурстары мәселелерімен айналысатын халықаралық құрылымдардың қызметін біріктіруге бағытталған.

Қазақстан Елшісі өзбек тарапын ұйымды құрудың перспективалары және оның өңір елдері үшін трансшекаралық су пайдалануды реттеудегі тиімділігі туралы жан-жақты ақпараттандырды.

Өз кезегінде Ш.Хамраев Өңірлік экологиялық саммит пен Аралды құтқару халықаралық қорының жоспарланған отырыстарына жеке қатысатынын растады. Сондай-ақ қазақстандық тараптың бастамаларын сындарлы түрде қарастыруға және қолдауға дайын екенін білдірді.

Министр Қазақстанда енгізіліп жатқан су үнемдеу технологиялары бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, Қазақстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволары арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі су ресурстары тапшылығының артуы жағдайында өңірлік өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, Өзбекстан Республикасының алдағы Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалығы туралы пікір алмасты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1179980?lang=kk