Люксембург парламентінде Қазақстандағы алдағы референдум талқыланды
13.03.2026 14:31:52 166
Люксембург, 2026 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Роман Василенко Люксембург Депутаттар палатасының Төрағасы Клод Визелермен кездесті.
Тараптар Қазақстан–Люксембург ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Саяси және парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға қызығушылық бар екені атап өтілді.
Люксембург парламентінің төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды құптап, 15 наурызға жоспарланған алдағы республикалық референдумға ерекше қызығушылық білдірді.
Клод Визелер Люксембургтің парламенттік жүйесінде Қазақстанда талқыланып жатқан реформалармен үндес бірқатар институционалдық ерекшеліктер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, елде бір палаталы парламент — Депутаттар палатасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Люксембургтің Мемлекеттік кеңесі (Conseil d’État) — заң жобаларын қарауға қатысатын жоғары консультативтік орган қызмет етеді.
Әңгімелесушілер Қазақстан мен Люксембург арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және саяси диалогты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1180376?lang=kk