Конституциялық реформа және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастық қазақ-фин диалогының назарында

Конституциялық реформа және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастық қазақ-фин диалогының назарында

13.03.2026 15:20:56 199

Хельсинки, 2026 жылғы 11 наурызҚазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның мемлекеттік басқару институты «HAUS» Бас директоры Кьёсти Вякевяйненмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат фин тарапына Қазақстанда кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы, сондай-ақ ү.ж. 15 наурызда еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін республикалық референдум туралы хабардар етті.

Өз кезегінде К.Вякевяйнен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси жаңғыртуларды жоғары бағалап, елдің мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи шешімдерді енгізу салаларында қол жеткізілген елеулі прогресін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ цифрлық трансформация, жаңа технологияларды дамыту және жасанды интеллект саласындағы шешімдерді енгізу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Кездесу барысында 2026 жылғы 19 маусымда Астанада өтетін «GOVHR FORUM 2.0: Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі АДАМ. ӘЛЕУЕТ. ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» атты халықаралық форумға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мемлекеттік басқару және цифрлық инновациялар салаларындағы конструктивті диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1180470?lang=kk