Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік
16.03.2026 15:53:48 222
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында Қостанай қаласы көшелерін қардан уақытылы әрі сапалы тазарту жұмысымен танысты.
Қыс мезгілінде қаладан 313 мың тонна қар шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (95 мың тонна). Негізгі жүктеме 5 қар полигонына түсуде. Қазіргі уақытта олардың толу деңгейі 60%-дан 90%-ға дейін жетіп отыр.
Қостанай-2 ауданында су басуы ықтимал 44 тұрғын үй орналасқан. Осы аумақтан 40 мың тоннадан астам қар шығарылды.
«Қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – көшелерден, аулалардан, жол қиылыстарынан және еріген қар суы жиналу қаупі бар аумақтардан қарды шығаруды барынша жеделдету. Еріген судың еркін ағуы үшін суағарларды, арықтарды және су бұру арналарының тазалығына ерекше назар аудару қажет», – деді Құмар Ақсақалов.
Еріген қар суын өткізу үшін 110 км суағар жүйесі жұмыс істейді, оның 4,9 шақырымы Қостанай-2 ауданында орналасқан. Сонымен қатар суды Тобыл өзеніне бағыттауды қамтамасыз ететін 5 гидротехникалық нысан бар.
«Жұмыстар жүйелі түрде және күшейтілген режимде жүргізілуі тиіс. Барлық қажетті техниканы жұмылдыру, тәулік бойы бақылау ұйымдастыру және проблемалық учаскелерге жедел әрекет ету маңызды. Бұл жұмыстың тиімділігі тұрғындардың қауіпсіздігіне, қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысына және қаланың көктемгі кезеңге дайындығына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – қаланың көктемді дайын күйде және су басу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау», – деді аймақ басшысы.
«КапиталГруппСоюз» ЖШС қарды күшейтілген режимде шығаруда. Жұмысқа 18 бірлік техника тартылған. Сонымен қатар облыстық ТЖД жеке құрамы, ІІМ академиясының 80 курсанты, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының 50 еріктісі жұмылдырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182191?lang=kk